Материалы за Май 2026 года » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2026 года
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
26
май
2026
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
Балалар балабақшамен қимастықпен қоштасып, алғашқы білім ордасына алғыстарын білдірді.Көңілді сәттер, әсем әндер мен жылы естеліктерге толы ерекше күн болды 💛 Біздің түлектерімізге сәттілік тілейміз!
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
22
май
2026
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
Балабақшамызда «Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Байқауға балабақшаның барлық топтары белсене қатысып, балалар өз отбасы туралы жылы сезімдерін сурет арқылы жеткізе білді. Әр жұмыс ерекше идеямен, шынайы махаббатпен және балалық қиялмен безендірілді.
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
22
май
2026
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
Ересек “Тұлпар” тобының тәрбиеленушілері дене тәрбиесі оқу қызметінде белсенділік танытып, түрлі қимылды ойындар мен жаттығулар орындады.Оқу қызметі барысында балалардың ептілігі, шапшаңдығы және қимыл үйлесімділігі дамытылды.
«Бір жылдық белес – ортақ еңбек, ортақ нәтиже»
22
май
2026
«Бір жылдық белес – ортақ еңбек, ортақ нәтиже»
Ересек “Жұлдыз” тобында ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы шығарылып, балаларымыздың жетістіктері мен белсенділіктері айтылды. Бір жыл бойы қолдау білдіріп, балабақша өміріне белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз! Балалардың әр жетістігінде – ата-ана мен тәрбиешінің бірлескен еңбегі жатыр.
«Ерекше білім беруді қажет ететін баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»
18
май
2026
«Ерекше білім беруді қажет ететін баланы тәрбиелеудегі ата-ананың
Психолог ата-аналармен жеке және топтық кездесу өткізіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу бойынша кеңес және психологиялық қолдау көрсетті. Ата-аналарға балаға дұрыс қолдау көрсету, эмоционалдық байланыс орнату және тәрбиелеу ерекшеліктері бойынша консультациялық жұмыстар жүргізілді.
Білім беру ұйымының ғимаратына кіруді бақылауды ұйымдастыру
05
май
2026
Білім беру ұйымының ғимаратына кіруді бақылауды ұйымдастыру
Балабақшада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басқару жүйесі мен кіруді бақылау ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ескерту жүйесі (дабыл түймесі) қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет қызметі жұмыс істейді.
Қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету
05
май
2026
Қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету
Балабақшада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қарастырылған. Қауіпсіз орта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Балабақша аумағында бейнебақылау жүйесі орнатылған, барлығы 34 камера жұмыс істейді, олар ішкі және сыртқы аумақты толық қамтиды.
Балалардың жан-жақты дамуына арналған жылы әрі қолайлы жағдайлар
05
май
2026
Балалардың жан-жақты дамуына арналған жылы әрі қолайлы жағдайлар
Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Психолог және логопед мамандарының кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ тұзды шахта қарастырылған. Түзету-дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады. Балалардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және толыққанды қалыптасуына қажетті қолайлы орта қамтамасыз етілген.