Педагогтар » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылын қорытындылауға арналған №5 педагогикалық кеңес өткізілді.
04
июнь
2026
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылын қорытындылауға арналған №5
Кеңес барысында оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, педагогтердің жетістіктері мен балалардың даму нәтижелері талқыланды. Алдағы жазғы сауықтыру кезеңінің жоспары қарастырылып, жаңа міндеттер белгіленді. ✨ Оқу жылын табысты аяқтап, жаңа белестерге нық қадам басамыз!
«Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы»
04
июнь
2026
«Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы»
Балабақшамызда дене тәрбие нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы» атты спорттық жарыс өткізілді. Балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетіп, түрлі спорттық эстафеталарға белсенді қатысты. Жарыс барысында ұйымшылдық, шапшаңдық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері нығая түсті.
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
26
май
2026
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
Балалар балабақшамен қимастықпен қоштасып, алғашқы білім ордасына алғыстарын білдірді.Көңілді сәттер, әсем әндер мен жылы естеліктерге толы ерекше күн болды 💛 Біздің түлектерімізге сәттілік тілейміз!
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
22
май
2026
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
Балабақшамызда «Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Байқауға балабақшаның барлық топтары белсене қатысып, балалар өз отбасы туралы жылы сезімдерін сурет арқылы жеткізе білді. Әр жұмыс ерекше идеямен, шынайы махаббатпен және балалық қиялмен безендірілді.
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
22
май
2026
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
Ересек “Тұлпар” тобының тәрбиеленушілері дене тәрбиесі оқу қызметінде белсенділік танытып, түрлі қимылды ойындар мен жаттығулар орындады.Оқу қызметі барысында балалардың ептілігі, шапшаңдығы және қимыл үйлесімділігі дамытылды.
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта, таза ауада, кең далада аталып өтті
15
апрель
2026
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта,
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта, таза ауада, кең далада аталып өттіКөктемнің шуақты күнінде балаларымыз ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, қазақтың салт-дәстүрімен жақынырақ танысты.Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Баршаңызға молшылық, амандық және шаттық тілейміз!
Ортаңғы "Ботақан" тобында "Ғарыш әлемі" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
13
апрель
2026
Ортаңғы "Ботақан" тобында "Ғарыш әлемі" тақырыбында ұйымдастырылған
Ғарышкерлер күніне арналған ұйымдастырылған іс-әрекетОртаңғы "Ботақан" тобында "Ғарыш әлемі" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Балалар ғарыш туралы түсініктерін кеңейтіп, планеталар мен жұлдыздар әлемімен танысты. Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер акварель бояуларымен жұмыс жасап, өз қиялдарындағы ғарыш бейнесін суреттеді. Балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, қызығушылықтары артты.
Оқу ортасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету
08
апрель
2026
Оқу ортасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету
Материалдық-техникалық базаны жетілдіру мақсатында балабақша заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие процесінде интерактивті құралдар, цифрлық технологиялар және дамытушы оқу материалдары кеңінен қолданылады. Топ бөлмелері мен оқу кабинеттері балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып, тиімді білім беру ортасы қалыптастырылған.
№181 бөбекжай-балабақшасында жоспарға сәйкес №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
06
апрель
2026
№181 бөбекжай-балабақшасында жоспарға сәйкес №4 педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңестің мақсаты – білім беру процесінің сапасын арттыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және өзекті мәселелерді талқылау болды.Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды: – білім беру қызметіндегі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану; – экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар; – педагогтардың іс-тәжірибе алмасуы. Педагогтар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, тиісті