Іс-шаралар » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
06
август
2026
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Негізгі мақсат:Балалар менқызметкерлердің өмірін қорғау, ТЖ мен терроризм қаупінің алдын алу және эвакуацияны ұйымдастыру.
«Су патшалығындағы қонақта» Балалардың ең сүйікті шарасы. Су перілері мен Су патшасы қонаққа келіп, балалармен су шашып ойнайды.
28
июль
2026
«Су патшалығындағы қонақта» Балалардың ең сүйікті шарасы. Су перілері
Жазғы сауықтыру кезеңі — балалардың денсаулығын нығайтуға, физикалық дамытуға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шілде айына арналған сумен жасалатын іс-шаралар өткізілді. Негізгі бағыттар: Балалармен суды қолдана отырып таза ауадағы ойындар, спорттық жарыстар және танымдық жұмыстар жасайды.Қонаққа ертегі кейіпкерлері келіп,балалардың көңіл-күйін көтеріліп,қызықты ойындар өткізілді.
Қыш құмыра жасау - баланың ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын арттырады.
24
июль
2026
Қыш құмыра жасау - баланың ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын арттырады.
Балаларға арналған қыш құмыра жасау өнері ұсақ моториканы дамытады, шығармашылық қиялды шыңдайды және сабырға үйретеді. Бұл сабақ барысында балалар сазбалшықпен жұмыс істеуді, заттарды мүсіндеуді және өз қолдарымен әдемі бұйымдар жасауды меңгереді.Балабақшамызда балалармен бірге құмыра жасау — олардың шығармашылығын арттырып, ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын дамытатын өте пайдалы іс-әрекет өткізілді.
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы
20
июль
2026
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы  «Жас спортшылар», балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тренажерлардың көмегімен таза ауада жаттығу жасалынды. Балалардың сүйікті қимыл-қозалыс ойындары ойнатылды. Жаңа ойындармен жарыстар болды. Қимыл-қозғалыс ойындарына атрибуттар әзірленіп қызықты ойын-сауық жарыс өткізілді.
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы
06
апрель
2026
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы
№181 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына белсене қатысты.Балалар кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, игі іске өз үлестерін қосты
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
19
март
2026
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің тәрбиесін үлгі ету, сондай-ақ үлкенді сыйлауға, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.Іс-шараға тәрбиеленушілердің әжелері арнайы шақырылып, өз өнерлерін ортаға салды. Әжелеріміз қазақтың ұлттық қолөнері, ою-өрнек түрлері, олардың мән-мағынасы туралы әңгімелеп, балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті.
Балабақшамызда ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамының бастамасы ретінде Көрісу күні аталып өтті.
13
март
2026
Балабақшамызда ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамының бастамасы ретінде
Балабақшамызда ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамының бастамасы ретінде Көрісу күні аталып өтті.Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, жылы тілектер айтып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше дәстүрлі күн. Біздің Мектепалды “Көгершін” тобының балалары да қазақтың осы әдемі салтын көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді.
Кіші «Балдырған» тобында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Менің анашым» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
10
март
2026
Кіші «Балдырған» тобында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай
Кіші «Балдырған» тобында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Менің анашым» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекеде бүлдіршіндер аналарға арналған тақпақтарын айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың тәтті қылықтары мен шынайы құттықтаулары аналардың жүрегіне жылу сыйлады. Мереке көтеріңкі көңіл күйде өтіп, аналарға қуаныш пен ерекше әсер сыйлады.
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
10
март
2026
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.Мерекелік шара барысында балалар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін айтып, әсем әндер шырқап, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Әрбір бала анасына деген сүйіспеншілігін, құрметін сахна арқылы жеткізе білді. Бұл мереке аналардың көңіліне қуаныш сыйлап, жылы әсер қалдырды. Көктемнің шуақты күніндей жарқын өткен кеш баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 22 Вперед