19
март
2026
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.


Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің тәрбиесін үлгі ету, сондай-ақ үлкенді сыйлауға, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.Іс-шараға тәрбиеленушілердің әжелері арнайы шақырылып, өз өнерлерін ортаға салды. Әжелеріміз қазақтың ұлттық қолөнері, ою-өрнек түрлері, олардың мән-мағынасы туралы әңгімелеп, балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті.