21
ноябрь
2025
«Әкем, Анам және Мен» атты отбасылық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты — ата-ана мен баланың арасындағы байланыс пен бірлікті нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.Мектепалды «Көгершін» – «Бәйтерек» топтарының ата-аналары белсенді қатысып, ұйымшылдық пен қолдаудың үлгісін көрсетті.Сайыс барысында түрлі қызықты тапсырмалар орындалып, балалардың өз отбасымен бірге әрекет етуіне мүмкіндік жасалды.
Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мазмұнды өтті.