Консультациялық пункт » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Консультациялық пункт
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
06
август
2026
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АЛГОРИТМІ тақырыбында балабақша қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Негізгі мақсат:Балалар менқызметкерлердің өмірін қорғау, ТЖ мен терроризм қаупінің алдын алу және эвакуацияны ұйымдастыру.
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылын қорытындылауға арналған №5 педагогикалық кеңес өткізілді.
04
июнь
2026
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылын қорытындылауға арналған №5
Кеңес барысында оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, педагогтердің жетістіктері мен балалардың даму нәтижелері талқыланды. Алдағы жазғы сауықтыру кезеңінің жоспары қарастырылып, жаңа міндеттер белгіленді. ✨ Оқу жылын табысты аяқтап, жаңа белестерге нық қадам басамыз!
«Ерекше білім беруді қажет ететін баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»
18
май
2026
«Ерекше білім беруді қажет ететін баланы тәрбиелеудегі ата-ананың
Психолог ата-аналармен жеке және топтық кездесу өткізіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу бойынша кеңес және психологиялық қолдау көрсетті. Ата-аналарға балаға дұрыс қолдау көрсету, эмоционалдық байланыс орнату және тәрбиелеу ерекшеліктері бойынша консультациялық жұмыстар жүргізілді.
№181 бөбекжай-балабақшасында логопед маман ата-аналармен консультация өткізді.
02
апрель
2026
№181 бөбекжай-балабақшасында логопед маман ата-аналармен консультация
№181 бөбекжай-балабақшасында логопед маман ата-аналармен консультация өткізді. Кездесу барысында балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары түсіндіріліп, ата-аналарға қажетті кеңестер берілді. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, ұсыныстармен танысты.
«Көрікті көктем» тақырыбында бірлескен шығармашылық кеңес өткізілді.
25
март
2026
«Көрікті көктем» тақырыбында бірлескен шығармашылық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында көктем мезгілінің ерекшеліктері, табиғаттың жаңаруы және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылды. Ата-аналар мен педагогтар бірге түрлі шығармашылық жұмыстар жасап, көктем тақырыбына байланысты идеялармен бөлісті. Балалардың қиялын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді.
15
январь
2026
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді. Кеңес барысында баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын, тіл байлығын дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы түсіндірілді. Ата-аналарға үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым ойын түрлері ұсынылды.
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
12
январь
2026
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
Баланың жан-жақты дамуы – психолог, тәрбиеші және ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі 🤍Біздің балабақшада психолог ата-анамен күнделікті тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Күнделікті жұмыс барысында: • ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беріледі; • баланың мінез-құлқы, эмоционалдық жағдайы талқыланады; • тәрбиелеу мен қарым-қатынас бойынша пайдалы ұсыныстар айтылады; • балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдары түсіндіріледі.