Балалар жұмысы » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар жұмысы
Қазақтың Ұлттық аспабы Домбыра күні мерекесі құтты болсын!
03
июль
2026
Қазақтың Ұлттық аспабы Домбыра күні мерекесі құтты болсын!
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке 2018 жылы Елбасы Жарлығымен ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мақсатында бекітілген. Осы күні еліміздің барлық өңірінде концерттер, күйшілер сайысы және жаппай күй шерту іс-шаралары ұйымдастырылады.Домбыра — қазақ халқының рухани жаны, ғасырлар бойғы тарихы мен шежіресі. Екі ішекті, шанақты бұл музыкалық аспап ата-бабаларымыздың мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.
«Су патшалығындағы қонақта» Балалардың ең сүйікті шарасы. Су перілері мен Су патшасы қонаққа келіп, балалармен су шашып ойнайды.
28
июль
2026
«Су патшалығындағы қонақта» Балалардың ең сүйікті шарасы. Су перілері
Жазғы сауықтыру кезеңі — балалардың денсаулығын нығайтуға, физикалық дамытуға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шілде айына арналған сумен жасалатын іс-шаралар өткізілді. Негізгі бағыттар: Балалармен суды қолдана отырып таза ауадағы ойындар, спорттық жарыстар және танымдық жұмыстар жасайды.Қонаққа ертегі кейіпкерлері келіп,балалардың көңіл-күйін көтеріліп,қызықты ойындар өткізілді.
Қыш құмыра жасау - баланың ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын арттырады.
24
июль
2026
Қыш құмыра жасау - баланың ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын арттырады.
Балаларға арналған қыш құмыра жасау өнері ұсақ моториканы дамытады, шығармашылық қиялды шыңдайды және сабырға үйретеді. Бұл сабақ барысында балалар сазбалшықпен жұмыс істеуді, заттарды мүсіндеуді және өз қолдарымен әдемі бұйымдар жасауды меңгереді.Балабақшамызда балалармен бірге құмыра жасау — олардың шығармашылығын арттырып, ұсақ моторикасы мен шыдамдылығын дамытатын өте пайдалы іс-әрекет өткізілді.
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы
20
июль
2026
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы
"Ұлы дала баласы" спорттық ойындар жарысы  «Жас спортшылар», балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тренажерлардың көмегімен таза ауада жаттығу жасалынды. Балалардың сүйікті қимыл-қозалыс ойындары ойнатылды. Жаңа ойындармен жарыстар болды. Қимыл-қозғалыс ойындарына атрибуттар әзірленіп қызықты ойын-сауық жарыс өткізілді.
«Сүйікті қалам – Астана»
08
июль
2026
«Сүйікті қалам – Астана»
«Сүйікті қалам – Астана»   «Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбында әңгіме,сұрақ-жауап жүргізілді. Тақырыпқа сәйкес ән тыңдап және бірге айтып балалар ерекше қуанды.Топтар арасында  «Бұл бақытты –мекен» асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді сонымен қатар «Менің сүйікті қалам» үздік ән байқауы өткізіліп жеңімпаздар марапатталды.
«Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы»
04
июнь
2026
«Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы»
Балабақшамызда дене тәрбие нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Елімнің рәміздері – елдігімнің айнасы» атты спорттық жарыс өткізілді. Балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетіп, түрлі спорттық эстафеталарға белсенді қатысты. Жарыс барысында ұйымшылдық, шапшаңдық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері нығая түсті.
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
26
май
2026
Мектепалды “Бәйтерек” тобының “Қош бол, балабақша” ертеңгілігі өтті
Балалар балабақшамен қимастықпен қоштасып, алғашқы білім ордасына алғыстарын білдірді.Көңілді сәттер, әсем әндер мен жылы естеліктерге толы ерекше күн болды 💛 Біздің түлектерімізге сәттілік тілейміз!
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
22
май
2026
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы мен көрме
Балабақшамызда «Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Байқауға балабақшаның барлық топтары белсене қатысып, балалар өз отбасы туралы жылы сезімдерін сурет арқылы жеткізе білді. Әр жұмыс ерекше идеямен, шынайы махаббатпен және балалық қиялмен безендірілді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 Вперед