Балалар жұмысы » Страница 3 » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
16
январь
2026
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
Бүгін Мектепалды "Көгершін" топ балалары серуен кезінде далада белсенді әрі қызықты іс-әрекеттермен айналысты. Балалар қармен ойнап, сурет салып, қимыл-қозғалысқа негізделген жарыстарға қатысты. Сонымен қатар, бірлесе отырып аққала жасап, өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Серуен барысында балалардың физикалық белсенділігі артып, қиялы мен ұжымда жұмыс жасау дағдылары дамыды. Осындай жұмыс жүргізілді.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын дамытудағы логопед жұмысы
08
январь
2026
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын дамытудағы
Логопедиялық жұмыста дидактикалық ойындар баланың зейінін, ойлауын, есте сақтауын және сөйлеу белсенділігін дамытуға тиімді құрал болып табылады. Ойын барысында бала тапсырманы қызығушылықпен орындай отырып, сөздік қорын молайтады және сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Дидактикалық ойындар баланың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға деген ынтасын арттырады. Осындай ойындар логопед пен баланың арасындағы өзара әрекетті жеңіл әрі нәтижелі етеді.
Ересек «Тұлпар» тобында Жаңа жыл атап өтілді
25
декабрь
2025
Ересек «Тұлпар» тобында Жаңа жыл атап өтілді
Ересек «Тұлпар» тобында Жаңа жыл мерекесі жоғары көңіл-күйде өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Мерекелік кеш қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Алматы – таза қала» акциясы аясында «Көңілді қақпақтар» бастамасы жүзеге асырылуда.
20
декабрь
2025
«Алматы – таза қала» акциясы аясында «Көңілді қақпақтар» бастамасы
«Алматы – таза қала» акциясы аясында «Көңілді қақпақтар» бастамасы жүзеге асырылуда. Акцияның мақсаты – балаларды қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қалдықтарды дұрыс жинауға тәрбиелеу. Балалар қақпақтарды жинау арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырып, ұжыммен бірлесе әрекет етуге үйреніп жатыр. Бұл бастама табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін арттырады.