Балабақшамызда ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамының бастамасы ретінде
Балабақшамызда ұлттық мерекеміз – Наурыз мейрамының бастамасы ретінде Көрісу күні аталып өтті.Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, жылы тілектер айтып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше дәстүрлі күн. Біздің Мектепалды “Көгершін” тобының балалары да қазақтың осы әдемі салтын көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді.