12
ноябрь
2025
Мектепалды «Бәйтерек» тобында «Қар барысын қорғайық» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.

Мектепалды «Бәйтерек» тобында «Қар барысын қорғайық» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Балалар қар барысының тіршілік ету ортасы, оның сирек кездесетін және қорғауды қажет ететін аң екені туралы мәлімет алды. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сурет салу және шығармашылық тапсырмалар орындалды. Балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, жануарларға деген қамқорлық сезімін көрсетті. Іс-әрекет тәрбиелік мәні зор, қызықты әрі танымды өтті.