21
май
2025
Мектепалды «Көгершін» тобы "Не білдік? Не үйрендік?" тақырыбында қорытынды ашық оқу қызметін өткізді.
Мектепалды «Көгершін» тобы бүгін қорытынды оқу қызметін өткізді, онда балалар өздерінің өткен оқу жылы бойында не білгендері мен не үйренгендерін қызықты әрі шығармашылық түрде көрсетті. Әрбір бала өз жетістіктерін мақтанышпен бөлісіп, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттері мен жеке дағдыларын көрсетіп, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Олар еркін сөйлеп, түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы алған білімдерін дәлелдеді. Барлық балалар үшін бұл оқу жылын сәтті аяқтаудың қуанышты сәті болды!