21
май
2025
"Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту" тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогтар өткен педагогикалық кеңесте балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту мәселесін талқылады. Кеңес барысында балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін және шығармашылық қабілеттерін арттырудың маңыздылығы ерекше аталып өтілді. Педагогтар әртүрлі әдіс-тәсілдер мен құралдарды пайдалану арқылы баланың интеллектісін дамытуға болатындығын, әсіресе ойын мен шығармашылық іс-әрекет арқылы бұл дағдыларды тиімді дамытуға болатынын айтты.
Бұл тақырыптағы кеңесте педагогтар танымдық қабілеттерді дамытуға арналған түрлі стратегияларды қарастырып, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде сынап көруге дайын екендіктерін білдірді.