Логопедтің ата-аналарға кеңесі."Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды жасау" » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Логопедтің ата-аналарға кеңесі."Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды жасау"
10
январь
2025

Логопедтің ата-аналарға кеңесі."Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды жасау"

Тақырыбы: "Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды жасау".
"Көгершін" тобы
Мәулітқызы Адия
Анасы: Әшімбаева Айгерим

Асқаров Алан
Анасы: Масупова Наргиза


Нұрланбекова Аруназ                                                                                                                                                   Анасы:  Бекжанова Ұлжалғас
Мақсаты: ата-аналарды артикуляциялық жаттығуларының негізгі жаттығулармен таныстыру; баланың сөйлеу бұзылыстары туралы мәлімет беру.
Сөздегі дыбыстарды айту-бұл баланың нәресте шағынан бастап, қиын да күрделі қозғалыс. Ол нәресте шағынан бастап тілімен, ернімен, астыңғы жағымен, былдырлап, уілдеуімен мимикалық қозғалыстарды яғни, артикуляциялық жаттығуларды жасай бастайды. Осы жағдайлар баланың сөйлеу тілінің ең алғашқы кезеңі болып табылады. Осы қозғалыстар балаларда нақтыланып, күшейіп ақырындап дами береді.
Арнайы логопедиялық жаттығуларды айтқанда біз көптеген ағзалар мен бет бұлшық еттерін, ауыз қуысын, мойын, иық белдеулерін және кеуде жасушасына арналған жаттығуларды айтамыз.
Артикуляциялық жаттығу - бұл сөйлеу тілінің аппаратын, бұлшықеттерін шынықтыратын, күш беретін, қозғалысы мен сөйлеуге жауап беретін ағзаларды, сөзге қатысы бар органдары біріктіріп жаттықтыратын жаттығу.
Сөйлеу органдарының ішіндегі ең қозғалыстығы-тіл. Ол тілдің арқасы мен тамыры. Тілдің арқасы артқы, ортаңғы және алдыңғы болып бөлінеді. Ең белсендісі тілдің ортаңғы және алдыңғы бөліктерінің ұшы мен шеттері.Дыбыстардың таза шығуы тілдің осы бөліктерінің жұмыстарына байланысты.