Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы туралы. » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы туралы.
28
сентябрь
2022

Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы туралы.

https://youtu.be/RiwHrdFAeH0

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

2022 жылғы 21 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                                Қ.Тоқаев
 
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 қыркүйек