Ашық орган » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді.
15
январь
2026
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді. Кеңес барысында баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын, тіл байлығын дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы түсіндірілді. Ата-аналарға үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым ойын түрлері ұсынылды.
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
12
январь
2026
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
Баланың жан-жақты дамуы – психолог, тәрбиеші және ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі 🤍Біздің балабақшада психолог ата-анамен күнделікті тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Күнделікті жұмыс барысында: • ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беріледі; • баланың мінез-құлқы, эмоционалдық жағдайы талқыланады; • тәрбиелеу мен қарым-қатынас бойынша пайдалы ұсыныстар айтылады; • балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдары түсіндіріледі.
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
08
январь
2026
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
Логопедтің ата-аналармен бірлескен жұмысы баланың сөйлеу тілін түзетуге және дамытуға бағытталады. Ата-аналарға баламен үйде жүйелі түрде орындалатын логопедиялық жаттығулар ұсынылады. Күнделікті жүргізілген жұмыс баланың дыбыстарды дұрыс айтуына және сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көмектеседі. Бірлескен әрекет баланың сөйлеу дамуындағы нәтижені арттырады.
Логопедтің ата-аналармен және баламен жүргізетін күнделікті жұмысы
08
январь
2026
Логопедтің ата-аналармен және баламен жүргізетін күнделікті жұмысы
Логопедтің ата-аналармен жүргізетін күнделікті жұмысы баланың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталады. Ата-аналарға баламен үй жағдайында орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар түсіндіріліп, дұрыс орындау жолдары көрсетіледі. Күнделікті қайталау арқылы баланың дыбыстарды дұрыс айтуы мен сөздік қоры біртіндеп жақсарады. Логопед пен ата-ананың бірлескен еңбегі баланың сөйлеу дамуында оң нәтиже береді.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын дамытудағы логопед жұмысы
08
январь
2026
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын дамытудағы
Логопедиялық жұмыста дидактикалық ойындар баланың зейінін, ойлауын, есте сақтауын және сөйлеу белсенділігін дамытуға тиімді құрал болып табылады. Ойын барысында бала тапсырманы қызығушылықпен орындай отырып, сөздік қорын молайтады және сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Дидактикалық ойындар баланың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға деген ынтасын арттырады. Осындай ойындар логопед пен баланың арасындағы өзара әрекетті жеңіл әрі нәтижелі етеді.
«Эмоцияны басқару және баламен тіл табысу»
24
декабрь
2025
«Эмоцияны басқару және баламен тіл табысу»
Эмоцияны басқару және баламен тіл табысу» тақырыбында психолог ата-аналарға кеңес берді. Кездесу барысында ата-аналарға өз эмоцияларын дұрыс басқару, баламен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ баланың эмоциялық күйін түсіну және қолдау көрсету тәсілдері ұсынылды.
2 жастағы баланың тілін дамыту жолдары
10
октябрь
2025
2 жастағы баланың тілін дамыту жолдары
2 жастағы баланың тілін дамыту жолдары» тақырыбындаәдіскер Кушкар А.Қ. 2 жастағы балалардың ата-аналарымен кеңес жүргізді.