Ата-аналарға » Страница 3 » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
16
январь
2026
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
Бүгін Мектепалды "Көгершін" топ балалары серуен кезінде далада белсенді әрі қызықты іс-әрекеттермен айналысты. Балалар қармен ойнап, сурет салып, қимыл-қозғалысқа негізделген жарыстарға қатысты. Сонымен қатар, бірлесе отырып аққала жасап, өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Серуен барысында балалардың физикалық белсенділігі артып, қиялы мен ұжымда жұмыс жасау дағдылары дамыды. Осындай жұмыс жүргізілді.
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
12
январь
2026
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
Баланың жан-жақты дамуы – психолог, тәрбиеші және ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі 🤍Біздің балабақшада психолог ата-анамен күнделікті тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Күнделікті жұмыс барысында: • ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беріледі; • баланың мінез-құлқы, эмоционалдық жағдайы талқыланады; • тәрбиелеу мен қарым-қатынас бойынша пайдалы ұсыныстар айтылады; • балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдары түсіндіріледі.
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
08
январь
2026
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
Логопедтің ата-аналармен бірлескен жұмысы баланың сөйлеу тілін түзетуге және дамытуға бағытталады. Ата-аналарға баламен үйде жүйелі түрде орындалатын логопедиялық жаттығулар ұсынылады. Күнделікті жүргізілген жұмыс баланың дыбыстарды дұрыс айтуына және сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көмектеседі. Бірлескен әрекет баланың сөйлеу дамуындағы нәтижені арттырады.