Ата-аналарға » Страница 2 » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
22
май
2026
«Ересек “Тұлпар” тобының дене тәрбиесі оқу қызметі»
Ересек “Тұлпар” тобының тәрбиеленушілері дене тәрбиесі оқу қызметінде белсенділік танытып, түрлі қимылды ойындар мен жаттығулар орындады.Оқу қызметі барысында балалардың ептілігі, шапшаңдығы және қимыл үйлесімділігі дамытылды.
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта, таза ауада, кең далада аталып өтті
15
апрель
2026
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта,
Балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше форматта, таза ауада, кең далада аталып өттіКөктемнің шуақты күнінде балаларымыз ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, қазақтың салт-дәстүрімен жақынырақ танысты.Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Баршаңызға молшылық, амандық және шаттық тілейміз!
Оқу ортасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету
08
апрель
2026
Оқу ортасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету
Материалдық-техникалық базаны жетілдіру мақсатында балабақша заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие процесінде интерактивті құралдар, цифрлық технологиялар және дамытушы оқу материалдары кеңінен қолданылады. Топ бөлмелері мен оқу кабинеттері балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып, тиімді білім беру ортасы қалыптастырылған.
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
19
март
2026
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты
Мектепалды «Көгершін» тобында «Әжелер мектебі: Әжемнің өрнегі» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің тәрбиесін үлгі ету, сондай-ақ үлкенді сыйлауға, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.Іс-шараға тәрбиеленушілердің әжелері арнайы шақырылып, өз өнерлерін ортаға салды. Әжелеріміз қазақтың ұлттық қолөнері, ою-өрнек түрлері, олардың мән-мағынасы туралы әңгімелеп, балаларға өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
10
март
2026
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік
Ересек «Тұлпар» тобында «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.Мерекелік шара барысында балалар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін айтып, әсем әндер шырқап, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Әрбір бала анасына деген сүйіспеншілігін, құрметін сахна арқылы жеткізе білді. Бұл мереке аналардың көңіліне қуаныш сыйлап, жылы әсер қалдырды. Көктемнің шуақты күніндей жарқын өткен кеш баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мектепалды «Көгершін» тобында «Қош келдің, гүл көктем!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
10
март
2026
Мектепалды «Көгершін» тобында «Қош келдің, гүл көктем!» атты
«Қош келдің, гүл көктем!» мерекесі мектепалды «Көгершін» тобында аталып өтті.Балалар өз өнерлерін көрсетіп, көктем туралы ән айтып, би билеп, көрермендерге қуаныш сыйлады.
«Ботақан» орта тобында аналарға арналған «Ана – аса қымбатты жан» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
10
март
2026
«Ботақан» орта тобында аналарға арналған «Ана – аса қымбатты жан»
«Ботақан» орта тобында аналарға арналған «Ана – аса қымбатты жан» атты мерекелік ертеңгілік өтті.Балалар өз өнерлерін көрсетіп, аналарына арналған өлеңдерін айтып, ән шырқап, би биледі. Мереке жылы көңіл-күйге толы болып, аналарға қуаныш сыйлады
«№181 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында «Ойыншық – баланың жан дүниесінің айнасы» тақырыбында психологтарға арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
27
февраль
2026
«№181 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында «Ойыншық – баланың жан
2026 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласы Білім басқармасының «№181 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында «Ойыншық – баланың жан дүниесінің айнасы» тақырыбында психологтарға арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың эмоционалдық дамуын қолдау, ойын арқылы психологиялық ахуалды зерттеу, ойыншықтың бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызын ашу және педагог-психологтердің кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
«Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрмесі
11
февраль
2026
«Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрмесі
«Менің әкем – полиция қызметкері» республикалық сурет көрмесінің аудандық қорытындысы бойынша Токтаров Арлан бүлдіршініміз бас жүлдегер иегері болды.
«Логопедтің ашық оқу қызметі: ойнай отырып сөйлеу дағдыларын дамыту»
28
январь
2026
«Логопедтің ашық оқу қызметі: ойнай отырып сөйлеу дағдыларын дамыту»
Бүгін балабақшада логопед ашық оқу қызметін өткізді. Іс-шара барысында балалар ойнай отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған ойындар мен жаттығулармен айналысты.Мектепалды даярлық топтарымен топ тәрбиешілері белсенді түрде жұмыс жүргізіп, балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған әдістерді тәжірибеде қолданды. Іс-шара балалар үшін қызықты әрі пайдалы болып, сөйлеу дағдыларын дамытуда тиімді әдіс ретінде өтті.