Материалы за 17.12.2025 » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 17.12.2025
Ересек «Тұлпар» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, Қазақстан!» атты ертеңгілік өтті.
17
декабрь
2025
Ересек «Тұлпар» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған
Ересек «Тұлпар» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, Қазақстан!» атты ертеңгілік өтті. Балалар шығармашылық тапсырмалар арқылы елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ән мен өлеңдерді орындады. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, ұлттық салт-дәстүрлерді таныстыруға басымдық берілді. Ертеңгілік балалардың патриоттық сезімін арттыра отырып, қызықты әрі мазмұнды өтті.
Мектепалды «Көгершін» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық іс-шара өтті.
17
декабрь
2025
Мектепалды «Көгершін» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне
Мектепалды «Көгершін» тобында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар жапсыру әдісін қолдана отырып, қыран бейнесін бейнеледі. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.
Ересек «Жұлдыз» тобында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаса, бер Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
17
декабрь
2025
Ересек «Жұлдыз» тобында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының
Ересек «Жұлдыз» тобында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаса, бер Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Іс-шара барысында балалар елге деген сүйіспеншілігін өлең, ән және би арқылы көрсетті. Тәуелсіздік туралы түсініктері кеңейіп, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау дағдылары қалыптасты. Ертеңгілік мазмұнды әрі әсерлі өтті.
«Кітап – асыл қазына» кітап оқу аймағы мектепалды балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
17
декабрь
2025
«Кітап – асыл қазына» кітап оқу аймағы мектепалды балалардың кітапқа
«Кітап – асыл қазына» кітап оқу аймағы мектепалды балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл аймақта балалар ертегілерді тамашалап, суреттерді қарап, мәтінді тыңдау арқылы ой-өрісін кеңейтеді. Кітап оқу баланың тіл байлығын дамытып, дұрыс сөйлеуге үйретеді. Оқу аймағы балаларды ұқыптылыққа, кітапты қадірлеуге тәрбиелейді.