Материалы за Январь 2026 года » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2026 года
«Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындар
30
январь
2026
«Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтану шығындарын өтеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.Бұл шара әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қаулы күшіне енді.
«О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях»
30
январь
2026
«О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из
В соответствии с постановлением акимата города Алматы внесены изменения в порядок компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста.Мера направлена на поддержку детей из социально уязвимых слоев населения.С 1 января 2026 года постановление вступило в силу.
«Логопедтің ашық оқу қызметі: ойнай отырып сөйлеу дағдыларын дамыту»
28
январь
2026
«Логопедтің ашық оқу қызметі: ойнай отырып сөйлеу дағдыларын дамыту»
Бүгін балабақшада логопед ашық оқу қызметін өткізді. Іс-шара барысында балалар ойнай отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған ойындар мен жаттығулармен айналысты.Мектепалды даярлық топтарымен топ тәрбиешілері белсенді түрде жұмыс жүргізіп, балалардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған әдістерді тәжірибеде қолданды. Іс-шара балалар үшін қызықты әрі пайдалы болып, сөйлеу дағдыларын дамытуда тиімді әдіс ретінде өтті.
«Психологтың ашық оқу қызметі: эмоциялық көңіл-күйді қолдау»
28
январь
2026
«Психологтың ашық оқу қызметі: эмоциялық көңіл-күйді қолдау»
Бүгін балабақшада психолог ашық оқу қызметін өткізді. Іс-шара барысында балалардың эмоциялық көңіл-күйін сақтау және қолдау бағытында түрлі ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды.Топ тәрбиешілері белсенді қатысып, мектепалды даярлық топтарымен бірлесіп жұмыс жүргізді. Бұл іс-шара балалардың өз эмоцияларын тануына, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауына және психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды. Барлық қатысушылар үшін іс-шара қызықты әрі пайдалы өтті.
«Ересек Жұлдыз» тобы – қауіпсіздік ережелері
16
январь
2026
«Ересек Жұлдыз» тобы – қауіпсіздік ережелері
«Ересек Жұлдыз» тобында қауіпсіздік ережелері бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. Балалармен қауіпсіз мінез-құлық туралы әңгіме жүргізіліп, арнайы жаттығулар мен ойындар ойнатылды. Ойын арқылы балалар күнделікті өмірде өздерін дұрыс ұстау, қауіптің алдын алу дағдыларын бекітті. Топта балалармен жүйелі жұмыс жүргізілді.
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
16
январь
2026
Қысқы серуен – ойын, өнер және қозғалыс үйлесімі
Бүгін Мектепалды "Көгершін" топ балалары серуен кезінде далада белсенді әрі қызықты іс-әрекеттермен айналысты. Балалар қармен ойнап, сурет салып, қимыл-қозғалысқа негізделген жарыстарға қатысты. Сонымен қатар, бірлесе отырып аққала жасап, өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Серуен барысында балалардың физикалық белсенділігі артып, қиялы мен ұжымда жұмыс жасау дағдылары дамыды. Осындай жұмыс жүргізілді.
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді.
15
январь
2026
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру
Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын қалыптастыру тақырыбында ата-аналармен кеңес жүргізілді. Кеңес барысында баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын, тіл байлығын дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы түсіндірілді. Ата-аналарға үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым ойын түрлері ұсынылды.
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
12
январь
2026
Психологтың ата-анамен күнделікті жұмысы
Баланың жан-жақты дамуы – психолог, тәрбиеші және ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі 🤍Біздің балабақшада психолог ата-анамен күнделікті тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Күнделікті жұмыс барысында: • ата-аналарға жеке және топтық кеңестер беріледі; • баланың мінез-құлқы, эмоционалдық жағдайы талқыланады; • тәрбиелеу мен қарым-қатынас бойынша пайдалы ұсыныстар айтылады; • балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдары түсіндіріледі.
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
08
январь
2026
Ата-аналармен бірлескен логопедиялық жұмыс
Логопедтің ата-аналармен бірлескен жұмысы баланың сөйлеу тілін түзетуге және дамытуға бағытталады. Ата-аналарға баламен үйде жүйелі түрде орындалатын логопедиялық жаттығулар ұсынылады. Күнделікті жүргізілген жұмыс баланың дыбыстарды дұрыс айтуына және сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көмектеседі. Бірлескен әрекет баланың сөйлеу дамуындағы нәтижені арттырады.