Дидактикалық ойындар арқылы баланың танымдық дағдыларын дамытудағы
Логопедиялық жұмыста дидактикалық ойындар баланың зейінін, ойлауын, есте сақтауын және сөйлеу белсенділігін дамытуға тиімді құрал болып табылады. Ойын барысында бала тапсырманы қызығушылықпен орындай отырып, сөздік қорын молайтады және сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Дидактикалық ойындар баланың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға деген ынтасын арттырады. Осындай ойындар логопед пен баланың арасындағы өзара әрекетті жеңіл әрі нәтижелі етеді.