«Психологтың ашық оқу қызметі: эмоциялық көңіл-күйді қолдау»
Бүгін балабақшада психолог ашық оқу қызметін өткізді. Іс-шара барысында балалардың эмоциялық көңіл-күйін сақтау және қолдау бағытында түрлі ойындар мен тренингтер ұйымдастырылды.Топ тәрбиешілері белсенді қатысып, мектепалды даярлық топтарымен бірлесіп жұмыс жүргізді. Бұл іс-шара балалардың өз эмоцияларын тануына, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауына және психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды. Барлық қатысушылар үшін іс-шара қызықты әрі пайдалы өтті.