«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша. » ГККП "Ясли сад №181"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№181 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 374-03-55
Әдіскер телефоны:
+7(727) 374-03-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша.
16
январь
2025

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша.




Еңбек тәрбиесіне байланысты А.Мишарина өзінің ғылыми зерттеуінде
«Еңбек баланың адамгершілік дағдыларын дамытумен катар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі»- деген болатын. Балалар бақшасындагы еңбек тәрбиесі — тәрбиешінің ең маңызды құралы. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және ынталығы, байқампаздығы айналаны қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады. Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынандай негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді.
• Ересектердің еңбегімен таныстыру және оған кұрметтпен карауға тәрбиелеу.
• Қарапайым еңбек іскерлігімен дағдыларын үйрету.
• Еңбекке ықыласшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу.
• Еңбекті коғамдык бағыттау, ұжымды және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.
Баланы мектепке дайындауда, еңбек өте маңызды әдістің бірі болып табылады. Кішкентайынан, еңбек етуге үйренген бала, мектептеде өзінің ұқыптылығымен, ұйымшылдығымен, өзіне-өзі кызмет ете білуімен ерекшелінеді.