16
январь
2025
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы




«Еңбек баланың адамгершілік дағдыларын дамытумен катар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі»- деген болатын. Балалар бақшасындагы еңбек тәрбиесі — тәрбиешінің ең маңызды құралы. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және ынталығы, байқампаздығы айналаны қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері қалыптасады. Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынандай негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді.
• Ересектердің еңбегімен таныстыру және оған кұрметтпен карауға тәрбиелеу.
• Қарапайым еңбек іскерлігімен дағдыларын үйрету.
• Еңбекке ықыласшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу.
• Еңбекті коғамдык бағыттау, ұжымды және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.
Баланы мектепке дайындауда, еңбек өте маңызды әдістің бірі болып табылады. Кішкентайынан, еңбек етуге үйренген бала, мектептеде өзінің ұқыптылығымен, ұйымшылдығымен, өзіне-өзі кызмет ете білуімен ерекшелінеді.