31
март
2025
Тренинг: "Буллингке жол жоқ!" Педагог-психолог: Курасбаева А.Ж
Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.