27
август
2025
«Конституция – елдің негізгі заңы» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз өтті.
Тақырыбы: «Конституция – елдің негізгі заңы»Тобы: Мектепалды «Көгершін» тобы
Бүгін «Конституция – елдің негізгі заңы» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай өткізілген бұл шарада балалар заңның маңызы, елдің бірлігі мен тәуелсіздігі туралы түсініктерін кеңейтті.
Балалар Отанын сүю, елін қорғау, рәміздерді құрметтеу жайында өлеңдер оқып, тақпақтар айтты, ән орындап, танымдық ойындарға қатысты.