20
август
2025
Алматыда педагогтар, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дәстүрлі қалалық тамыз конференциясы өтті.
Алматыда «Болашақ білім беру: адал азамат – білікті маман» атты дәстүрлі қалалық тамыз конференциясы өтті. Іс-шараға педагогтар, қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.Алматы әкімі педагог қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласының қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.
Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын еске салды. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүзеге асуда: соңғы жылы қала колледждерінің материалдық-техникалық базасы 2,6 млрд теңгеге жаңартылды, WorldSkills стандартына сай 14 құзырет орталығы ашылды, жыл соңына дейін тағы 4 орталық жұмысын бастайды.
Конференция барысында білім берудің болашағы, жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау, STEM/STEAM тәсілдерін дамыту, оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқаты, сондай-ақ инклюзивті білім мен толеранттылық мәселелері талқыланды.